Алматы қаласы әкімінің орынбасары тұрғындарды көшеге шықпауға шақырды
Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов алматылықтарға карантин кезінде көшеге шықпай, үйінде отыруға кеңес берді, деп хабарлайды zakon.kz.
Екі қалада карантин жарияланды, вирусты одан әрі таратпас үшін. Мен осы мүмкіндікті пайдаланып, азаматтарымызға денсаулықты сақтаудың ең жақсы әдісі - үйде, отбасыңызда болу және сыртқа шықпау екенін ескерте кеткім келеді. Мұндай ресми тыйым жоқ, бірақ қажеттілік болмаса көшеге шықпауға, көп су ішуге, С дәруменін пайдалануға кеңес беремін, - деді ол.
Ол өзінің иммунитетін нығайту үшін пияз, сарымсақ жеп, С дәруменін тұтынып жүргенін айтты. Ұйқының да денсаулыққа пайдалы екенін айтқан ол әзірге бұл жағы өзіне бұйырмай жатқанын да жеткізді. Кеше түнде ол үш сағат қана ұйықтапты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:55, 24 сәуір 2024
Украинаға көмек көрсету туралы құжаттарға қол қойған Байден: Енді бізге жылдам әрекет ету керек
-
20:32, 24 сәуір 2024
Дэвид Кэмерон қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты
-
20:23, 24 сәуір 2024
Британ саясаткері Лондонның Астанамен ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екенін растады
-
19:58, 24 сәуір 2024
Александр Шевченко Мадридтегі турнирдің екінші айналымында Карлос Алькараспен ойнайды
-
19:40, 24 сәуір 2024
Садақ атудан Қазақстан әйелдер құрамасы тарихи жеңіске қол жеткізді