Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің басшысы тағайындалды

18:09, 14 ақпан 2020
522

Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің (ЭТД) басшысы тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Биыл 14 ақпанда ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары Дәулет Ақылбеков Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды, деп хабарлайды ЭТД баспасөз қызметі.

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың бұйрығына сәйкес, бұл қызметке Алтынбаев Әли Сапарғалиұлы тағайындалды.

Сонымен қатар, ҚР Қаржы министрлігі ҚМК төрағасының бұйрығымен Жүзенов Бақтияр Абайұлы Алматы қаласы бойынша ЭТД басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Жаңа басшыны ұжымына таныстыра отырып, Дәулет Ақылбеков департаменттің атқарған жұмыстарына көңілі толатынын және комитет басшылығына алға қойған міндеттерді орындауда тиімді және нәтижелі жұмыс тіледі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!