Алматы қалалық әкімдігі Сапар Нұрашевтың ұсталғанын жоққа шығарды

14:36, 18 қаңтар 2021
266

Алматы қаласының әкімдігі Жайлы қалалық орта басқармасы басшысының ұсталғаны туралы желіде тарап жатқан ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.

Әлеуметтік желіде және сайттарда жарияланған Алматы қаласының Жайлы қалалық орта басқармасының бастығы Сапар Нұрашевтың ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қазір Нұрашев жұмыс орнында. Жүргізіліп жатқан тергеуге дейінгі тексеруге қатысты барлық сұраққа жауап беруге және қажетті түсініктемелер беруге қала әкімдігі дайын, - делінген әкімдік хабарламасында.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде инфекциялық модульдік аурухананың құрылысына бөлінген қаржыны жымқыру фактісі бойынша ЖШС мен "Жайлы қалалық орта басқармасы" басшыларына қатысты Алматыда қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат пайда болды. 2020 жылы сәуірде 280 орындық модульді жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысына бюджеттен бөлінген 5,5 млрд теңгенің 3,9 млрд теңге көлеміндегі қаражаттың ұрланғандығы хабарланды. Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті ұрлық фактісін растады, бірақ оған қатысты кім де кімнің ұсталған-ұсталмағанын айтпады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!