Алматы хайуанаттар бағындағы бегемот 12 жасқа толды

16:56, 9 тамыз 2022

© Сурет: Zakon.kz

Алматы хайуанаттар бағы бүгін Лотти есімді бегемоттың туған күні екенін хабарлады, деп мәлімдейді Zakon.kz.

Бегемот Лотти бүгін 12 жасқа толып жатыр.

Біздің сүйкімді Лотти бүгін 12 жасын тойлап жатыр. Қызымызға бар жақсыны тілейміз, – деп жазды Алматы зообағы өзінің Telegram-дағы каналына.

Айта кетейік, Алматы хайуанаттар бағында екі бегемот бар. Біреуі Израильден, екіншісі Франциядан келген.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!