Алматы хайуанаттар бағы Ереваннан әкелінген шоттұмсықтарды көрсетті

18:51, 28 қараша 2022

© Сурет: unsplash

Қала тұрғындары мен қонақтары зообақтан Ереваннан әкелінген 2 шоттұмсықты көре алады. Олар Алматы зообағына жақында келіп, қоныстанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы хайуанаттар бағы әлеуметтік желілердегі парақшасына шоттұмсықтың (тукан) тамақтанып жатқан сәтінен видео бөлісті. Видеодан тұмсығы үлкен, ерекше құстарды көруге болады.

"Біздің жаңа үй жануарымызбен танысыңыз. Бұл - екі жасар ақ кеуделі тукандар. Ереваннан әкелінді. Біздің хайуанаттар бағының қонақтары оларды "Құстар үйінен" тамашалай алады", - деп жазды Алматы хайуанаттар бағы.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!