Алматы әуежайында 19 жастағы жолаушының жүгінен тапаншы табылды

17:40, 19 ақпан 2019

Алматы-Астана бойынша қатынайтын ұшақтың жолаушысынан тапанша табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы Халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 19-ақпан күні таңертең әуежайдың Авиациялық қауіпсіздік қызметінің тексеру бөлімшесі қызмектерлері тыйым салынған затты әуе кемесіне алып өту әрекетінің жолын кескен.

"Астанаға қарай бағыт алған 19 жастағы жолаушының жүгінен "Макаров" жауынгерлік тапаншасының негізінде жасалған 4,5 мм калибрлі ИЖ-79 пневматты тапаншасы анықталған. Тапанша тәркіленіп, оның өзі полиция қызметкерлеріне тапсырылды", - деп хабарлады әуежай қызметкерлері.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!