Алматы әуежайында ер адам заңсыз оқ-дәрі алып өтпек болған

14:07, 9 қазан 2018
215

Алматыда оқ-дәріні заңсыз алып өтпек болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«8-қазанда QazaqAir 353 рейсімен ұшпақ болған жолаушының жүгінен әуежай қауіпсіздігі қызметкері жартылай автоматты атыс қаруының 8 оғын тапқан. Жолаушының басқа да жүктерін тексеру кезінде қауіпті құралдар табылмады», - деді баспасөз қызметінен.

Төтенше жағдайдан соң жолаушы рейстен алынып, полиция қызметкерлеріне тапсырылды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!