Алматы әкімінің экс-орынбасары Мұхит Әзірбаев жаңа қызметке келді

© Сурет: Қазақстанның құрылыс саласының Одағы
Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Мұхит Әзірбаев Қазақстанның құрылыс индустриясы одағының (ҚСО) төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан құрылыс индустриясы одағы мүшелерінің бірауыздан қабылданған шешімімен Мұхит Әзірбаев төраға болып сайланды.
Ол 2019 жылғы сәуірден 21 қыркүйекке дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Мұхит Әзірбаев 1972 жылы 18 қыркүйекте Алматыда дүниеге келген.
Еңбек өтілі:
Алматы және Атырау қалаларындағы «ABN AMRO Bank» (Голландия) еншілес банкінің қызметкері, бөлім бастығы (1997-2003);
«Қуат-Агро» агрохолдингінің бас директоры, Астана қаласы (2003-2006);
«Казкоммерцбанк» АҚ Лизинг департаментінің басшысы, корпоративтік байланыстар департаментінің директоры (2006-08.2009);
«Global Building Contract» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы (08.2009-2017);
«Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы (07.2017-03.2019);
Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы (03.2019-04.2019);
Алматы қаласы әкімінің орынбасары (04.2019-21.09.2019).
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 29 қаңтар 2023
Новак Джокович AusOpen-2023 чемпионы және әлемнің бірінші ракеткасы болды
-
16:45, 29 қаңтар 2023
Ақтөбедегі демалыс орнында зардап шеккендердің жағдайы қалай
-
16:45, 29 қаңтар 2023
Ақтқөбедегі демалыс базасында зардап шеккендердің жағдайы қалай
-
16:03, 29 қаңтар 2023
Астанада 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылады
-
15:24, 29 қаңтар 2023
Қырғызстан билігі премьер-министрдің жеке басына тиіспеуді ескертті