Алматы ауасындағы бензапирен құрамы тексерілуде

09:48, 2 маусым 2020

"Қазгидромет" РМК Алматы қаласы бойынша атмосфералық ауа көрсеткіштерінің тізбесіне бенз(а)пирен құрамының талдауын енгізді, деп хабарлайды zakon.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.М. Мырзағалиевтің тапсырмасымен "Қазгидромет" 2020 жылдың 1 маусымынан бастап Алматы қаласының атмосфералық ауасында бенз(а)пирен құрамына мониториг жүргізуге кірісті.

Ауа сынамасы аптасына 1 рет, 5 сынамаларды қолмен іріктеу бекетінде іріктелетін болады, талдау нәтижелері "Қазгидромет" әлеуметтік желі парақшаларында және сайтта ай сайынғы бюллетендерде жарияланатын болады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!