«АЛМА ТВ-ның» 2,2 млрд теңге көлеміндегі мүлкіне арест қойылды

11:42, 20 сәуір 2018

Алматы. 20 сәуір. 7kun.kz – “Алма Телекоммуникейшнс Казахстан” АҚ 2,2 млрд теңге көлеміндегі мүлкіне арест қойылды деп хабарлайды KASE.

Қазақстан қор биржасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, компанияның мүлкіне 2018 жылдың 12 сәуірінде арест қойылған.

“Арест “АлмаТел Казахстанның” кассасына түсетін қаржыларға, компанияға тиеселі жылжымалы және жылжымайтын мүліктерге және екінші деңгейлі банктердегі жалпы 2 180 388 000 теңге көлеміндегі қаржыға қойылған”,-деп айтылған хабарламада.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!