"Алғабас, Саялы-2". "Алматыда жалға берілетін баспанаға қатысты толық мәлімет жарияланды

15:57, 12 қыркүйек 2019
101

Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында жұмыс істейтін қалалық жастарға жалға ұсынылатын баспанаға қатысты туындаған сұрақтарға жауап берілген арнайы баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Айбек Сайделдаев қазіргі уақытта құжаттарды электронды түрде қабылдау бойынша жұмыстар атқарылып жатқанын айтты.

- Жұмыс істейтін жастар электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойып, интернет-порталға кіріп, осы негіздегі құжаттарын сол араға қалдырады. Құжаттарды он-лайн қабылдау 23 қыркүйектен 6 қазанға дейін жалғасады деп жоспарланған. Содан 7-12 қазан аралығында бұл мәліметтер тексеріліп, біз сүзгіден өтеді, ал 15 қазанда бұл бағдарламаға қатыса алатындардың жалпы тізімі жарияланады. 16-22 қазанда 5 жылға баспананы жалға алу келісімшарты жасалады және 25-26 қазан аралығында жастар жалға алған өз баспанасына көше алады. Біздегі жоспар сондай, - деді Айбек Сайделдаев.

Пәтерді жалға алу құны 12 мың теңгеден аспайтын болады. Қазір жалға берілетін мұндай үйлер Алатау ауданында дайын тұр. Олар: Алғабас және Саялы-2.

- Кез келген жас өтініш беруге құқы бар, бірақ, ең алдымен жас отбасыларға, жас кәсіпкерлерге және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне басымдық беріледі. Сондай-ақ, ұпайларды есептеу кезінде жеке спорттық және ғылыми жетістіктері, баласының болуы, жинақ шоттарындағы мәлімет және басқалары ескеріледі. Ұпайлар автоматты түрде есептеледі, сондықтанбұл арада ешқандай алаяқтық фактісі жоқ, - деді ол.


Источник: zakon.kz


Пікір