Алдағы үш күнге арналған ауа-райы болжамы жарияланды

14:50, 16 қаңтар 2020

"Қазгидромет" 16-18 қаңтарға арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстанда алдағы үш күнде ауа-райында күрт өзгеріс болмайды.

"Бұрынғыдай, ауа ағындары Атлант мұхитынан ойысқан циклонмен араласып, республика аумағына жылы және ылғалды ауа массаларын әкеледі. Сондықтан, еліміздің көп өңірінде ауық-ауық қар жауады, солтүстікте бұрқасын болып, қатты жел соғады, оңтүстік өңірлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Республикамыздың солтүстік жартысында ауа температурасы нормадан жоғарыға ауытқиды: 3 ... 8 ° C-қа дейін, оңтүстіктегі ауа-райы қысқы нормаға сай болады" делінген синоптиктер болжамында.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!