Алдағы күндері елімізде 43 градустық ыстық болады

15:49, 16 шілде 2018
402

17-19 шілдеде оңтүстікте, оңтүстік-батыста және Қазақстанның батыс өңірінің кей жерінде алдағы үш тәулікте ауа температурасы плюс 40...43 градус және жауын-шашынсыз ыстық ауа-райы күтілуде, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Мұндай ауа-райы Кіші Азия аудандарынан ыстық ауаның шығуымен байланысты.

Республиканың шығыс және оңтүстік-шығыс облыстары жоғары барийлік шұңқыр және онымен байланысты атмосфералық фронттар ықпалында болады. Осы өңірлерге Сібірден салқын және ылғалды ауа келеді, сондықтан мұнда кей жерде найзағайлы өткінші жаңбыр және осы мезгілге қалыпты ауа-райына жақын температура сақталады.

Ал солтүстік облыстарға Кола түбегінде орналасқан антициклон тарамдары ауысады, ол жауын-шашынның тоқтауына себеп болады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!