Алдағы күндері ауа-райы бұзылады: найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады

12:56, 12 сәуір 2021

© Сурет: pxhere.com

Синоптиктер 13-15 сәуірге арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Жақын күндері Қазақстан аумағының көп бөлігі көлемді антициклонның ықпалында болады, соған байланысты бұлтты күндер артта қалып, еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп көтеріледі деп күтіледі.

Тек Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен байланысты тұрақсыз ауа-райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды деп болжанады, - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Республикамыздың кей жерлерінде тұман түсіп, қатты жел күтіледі, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл болуы ықтимал.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!