Алдағы 3 күнде елде ауа райы тұрақсыз болады

15:27, 3 шілде 2020
397

2020 жылғы 4-6 шілдеге арналған ауа райы болжамына сәйкес, Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жаңбыр, кей жерлерде найзағаймен қатты жаңбыр жауады, жел күшейеді, бұршақ түсуі ықтимал.

Еліміздің солтүстігі мен орталығында ауаның температурасы түнде біртіндеп 5-10-ға дейін, кей жерлерде 13 градус жылыға дейін төмендейді.

Тек Қазақстанның батысында Иран аудандарынан келетін құрғақ ауа массаларының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, сондай-ақ ауа температурасының түнде 17-25 дейін, күндіз 32-40 жылыға дейін жоғарылауы күтіледі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір