Алдағы демалыс күндеріне арналған ауа-райы болжамы

12:21, 9 сәуір 2021
528

© Сурет: Pixabay

Синоптиктер 10-12 сәуірге арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Жақын күндері батыстан шығысқа қарай жылы ауа-массасы ығысады, соған байланысты республикамыздың басым бөлігінде бұлттар сейіліп, ауа температурасының жоғарылауы күтіледі, бірақ Қазақстанның оңтүстік облыстарында фронтальды атмосфераның өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы күтіледі, кей жерлерде жауын-шашын болады, жел соғады деп болжанады. Кей жерлерде тұман түсіп желдің күшеюі күтіледі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болуы ықтимал, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!