Алаяқ маманның бізге қатысы жоқ – «Азаматтарға арналған үкімет»

08:23, 14 қараша 2019

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалы Шымкент қаласында болған жағдайға байланысты түсініктеме таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

13 қарашада бірнеше БАҚ беттерінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Шымкент қалалық филиалы бойынша құқықтық қамтамасыз ету маманы алаяқтықпен айналысқан деген жаңалық шықты.

Осыған байланысты "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы маманының аталған іс-әрекеті оның лауазымдық міндеттерімен және Мемлекеттік корпорацияның тікелей қызметімен байланысты емес екенін хабарлайды.

Азаматтарға арналған үкімет сыбайлас жемқорлық бойынша нөлдік төзімділік және өз қатарының адалдығы қағидаттарын ұстанады, сол себепті өз күшімен, сондай-ақ уәкілетті және құқық қорғау органдарымен ынтымақтастықта сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою бойынша жұмыс жүргізеді.

Шымкентте "тірлік істеген" "Азаматтарға арналған үкімет" маманы ұсталды

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!