Алапат өртке байланысты Риддерде төтенше жағдай режимі енгізіледі

11:50, 11 мамыр 2021
431

© Сурет: ШҚО ТЖД

Риддер ауданында алапат өртке байланысты қалалық масштабтағы төтенше жағдай енгізіледі. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Риддер қаласының аумағында қалалық масштабтағы төтенше жағдай енгізілгені туралы хабарлайды, - деді Талғат Уәли журналистерге.

Бұған дейін ол бұл оқиғаға қатысты күдіктінің қамауға алынғанын айтты. Талғат Уәлидің айтуынша, ер адам орманда от жаққан.

10 мамырда Шығыс Қазақстан облысында орман өртке оранды. Риддер қаласы маңындағы өртте Лесхоз елді-мекенінің бірнеше үйі жанып кетті. Зардап шеккендер мен құрбандар бар. Өртті сөндіру ісі жалғастырылуда.

Қазіргі уақытта, нақтыланған мәліметтер бойынша, 35 үй мен 9 қора-қопсы өртеніп кетті. Даниал Ахметовтың айтуынша, баспана мәселесін толығымен шешу үшін 2,5 айдай уақыт қажет.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!