Алакөлдің 12 шақырымдық жағалауын бекіту қажет - әкімдік

14:40, 17 сәуір 2018

Алматы облысындағы Алакөлдің жағалауын су шайып жатыр. Биыл жергілікті билік дәл көлдің жағалауында орналасқан бір отбасын алты бірдей баласымен басқа ауылға көшірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алакөл көлінің 12 шақырымдық жағалауына күшейту жұмыстары жүргізілуі қажет. Биыл жоба-сметалық құжат дайын болса, күзде бұл жұмыстарды бастаймыз деп жоспарлап отырмыз», - деді Алакөл ауданы әкімінің орынбасары Айдын Чалкенов.

«Алакөлдің жағалауын бекіту жұмыстары қолға алынады» дегенді жылда еститін жергілікті тұрғындар енді жауапты мамандар сөзден іске көшсе, деп тілейді. Себебі тұрғындар барлығы тек құжат жүзінде қала ма деп қорқады.

Айта кету керек, 15 жылдың ішінде көлдің жағалауын су шайып, Көктұма ауылындағы екі көше көлдің астына кеткен.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!