Алакөлде демалушылардан COVID-19 анықтама қағазы талап етіледі

12:41, 4 маусым 2020
467

Алакөлге демалуға барам деушілер коронавирусқа тест тапсырып, анықтама алуы қажет, деп хабарлайды zakon.kz.

Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Марат Исмаиловтың айтуынша, биыл демалушылар мен демалыс үйлерінің иелері КВИ-ге байланысты белгіленген нормаларды сақтауы қажет:

- жағажай аймағында демалушылар кемінде екі метр қашықтықты сақтауы керек;

- демалыс орындарында адамдарды орналастыру жобалық көлемнің 50% -ынан аспауы керек;

- демалыс орындары келген адамдардан COVID-19 зерттеу нәтижесі туралы анықтамасын талап етуі керек, ондағы нәтиже 7 күннен кем болмауы тиіс. Бір отбасы үшін оның мүшелерінің біреуінің анықтама қағазы жеткілікті;

- барлық демалыс орындарында жеке қорғаныс құралдары, дезинфекциялық құралдар, оның ішінде қолды жууға арналған антисептиктер, сондай-ақ температураны өлшеуге арналған байланыссыз термометрлер болуы керек.

Демалушылардың өз жанында жеке қорғаныс құралдары болғаны жөн.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!