Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы: Қызымды көрмегеніме, сөйлеспегеніме 2 жыл болды

15:14, 24 қараша 2017

Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы оның кінәсіз екеніне әлі сенеді әрі отанына, туыстарының қасына аман-есен оралады деген үміті бар. Қытайда өмір бойына түрмеге қамалған Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы туған қызын екі жылдан бері көрмеген. Бұл туралы Stan.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап жазады.

Зухра Сейтімова қызына тағылып отырған айыппен мүлде келіспейтінін айтады. Сондай-ақ қызының қылмыскер емес екеніне сенімді.

«Соңғы рет қызымды 2015 жылдың сәуірінде көрдім. Өткен жылы маған виза берді апелляциялық соттың үкімін күтіп, бара алмадым. Осыдан кейін маған виза уақытын тағы жарты жылғасоөып берді. Сонда міне екі жылға жақындап қалыпты қызыммен сөйлеспегеніме де. Оның жағдайы туралы елшіліктен, қорғаушыдан біліп отырамын. Жақнда елшілік өкілі барған екен, олардан қатты сағынғанын айтып жіберіпті, басқа ештеңе», - дейді Ақжарқынның анасы.

Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Қытайдың Гуанчжоу қаласындағы әуежайда есірткі саудасы бойынша күдікке ілініп, ұсталған еді.2015 жылдың маусым айында Қытай соты оны өмір бойына түрмеге жабу туралы шешім қабылдаған еді. Кейінрек апелляциялық сот бұл үкімді жоққа шығарған еді.

«Мен жағдайым келгенше оған көмек жіберіп тұрамын. Қорғаушыдан 30-40 мың беріп жіберемін. Әрине оған барғым келеді. Қазір болса да баратын едім. Барғаныммен оны маған көрсетпейді. Менің төрт балам бар. Ақжарқын үйдің үлкені. Басқа бауырлары оны сағынып отыр. Кенжем өткен жолы Ақжарқынды түсінде көріпті. Үйде бұл мәселе жайлы көп сөйлеспейміз. Басқа балаларымның жүрегін ауыртқым келмейді. Бірақ әрқайсымыз Ақжарқынды ойлап жүргенімізді бір-біріміздің көзімізден ұғамыз», - дейді Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы.

Соңғы сот үкімі осы жылдың аяғына дейін шығып қалады деген үміт бар. Қазақстан Сыртқы істер министрі Ақжарқынның ісін Қазақстанда қарауға алу жолдарын қарастырып жатыр.

Фото: stan.kz

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!