Ақылды айтса құлақ аспай, ақымақтың сандырағына сенетін заман келді

17:28, 20 сәуір 2021
370

© Сурет: иллюстрация үшін алынды

Танымал актер Азамат Сатыбалды Рамазан айында ортаға ой тастар жазба жариялады.

"Ақылды айтса құлақ аспай, ақымақтың сандырағына сенетін заман келді. Кең талант пен кем таланттың арасында жік жоқ. Көрегендік пен көріпкелдік көмескіленді,себебі батырларымызды өзге ел мойындағаннан кейін ғана бауырымызға басуды шығардық. Тұншығып жатқан қаншама тұлғаларымыз бар. Көзіміз жетсе де көрмегендей күй кешеміз. Ұлы дегеннің кейпі өзгерді. Себебі адамның санасы тұманданды. Тұманды сейілтетін рух. Рухы таза адам ешқашан адаспайды. Қазақ рухын кірлетпеген халық. Жасасын Қазақ елі. Қасиетті рамазан айында алақан жайып,алдымен елдің амандығын тілейік. Ел аман болса, елдің ішінде бізде аманбыз. Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын. Мен сіздерді жақсы көремін", делінген актердің Инстаграмдағы жазбасында.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!