Акттарға қол қою: Қостанай облысында әкімдік шенеунігі пара алу кезінде қолға түсті

14:17, 18 сәуір 2019
454

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин брифингте Қостанай облысы Федоровск ауданы әкімінің орынбасарының пара алу кезінде қолға түскенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

- Қостанай облыс бойынша жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросымен Федоровск ауданы әкімінің орынбасарына қатысты сот алды тергеу жүріп жатыр. Ол атқарылған жұмыстар актісі мен аудандағы автожолдардың күтімін қамтамасыз ету туралы келісімшарт бойынша ЖШС өкілінен 150 мың теңге пара алды деп күдіктелуде, - деп хабарлады Бердалин.

Оның айтуынша, кінәсін мойындағаны үшін процессуалды тұтқындау қолданылған жоқ.

- Күдікті сот алды тергеудің қысқартылған тәртіпте жүргізілуін сұрады. Тергеу жүріп жатыр, - деп сөзін түйіндеді Агентік департаментінің басшысы.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!