Ақтөбелік полицейлер құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуға білек сыбана кірісті

12:52, 16 қаңтар 2019

Ақтөбе облысы ПД Жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторларының ат салысуымен 2018 жылдың қортындылай келе, әкімшілік аудандарда құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілді. Бұл туралы zakon.kz Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Учаскелік инспекторлар әкімшілік жауапкершілікке қатысты құқық бұзған 40 мыңнан астам адамды анықтап, оның 247-і мәжбүрлі түрде мамандандырылыған емдік-алдын алу мекемесіне емделуге жіберілді. Алкоголизімнің зардабын тартқан 40 мыңға жуық азаматтардың өтініштері қаралып, бұл бойынша заңды және уақытылы шешімдер қабылданды. “Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы” заңға сәйкес 3,4 мың отбасындағы қатігездіктен қорғану туралы қаулылар шығарылып, 886 құқық бұзушыға қатысты сот тәртібіне ерекше талаптар қойылды. Учаскелік полиция инспекторлары 728 қылмыс ашты, оның ішінде: адам өлтіру дерегі – 3, тонау - 25, қарақшылық - 3 және 400-ден астам өзгенің мүлкіне қол сұғу бар.

Халық алдында учаскелік полиция инспекторлары 1098 рет есеп беру кездесуін өткізіп, жиынға 72 мыңнан астам азамат қатысқан. Кездесу барысында 400-ден астам ұсыныстар, ескертулер мен өтініштер түсіп, олардың барлығына толық жауап берілді.

Бүгінгі таңда облыстық учаскелік полиция иснпекторлары бұрын сотталғандардың 3 мыңнан астамының қайтадан қылмыстық әрекеттерге жол бермеуін қадағалауда ұстап, тұрақты алдын алу шараларын өткізуде.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2018 жылдың қортындысы бойынша алдын ала жасалған қылмыстадың саны 38,9%-ға (3460-тан 2113-ке дейін), жанұядағы қылмыстардың саны 14,6%-ға (41-ден 35-ке дейін) мастық күйде жасалған қылмыстар 21,5-ға (1625-тен 1276-ға дейін) азайған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!