Ақтөбелік келіншек баласын жерлеуге ақша таппай, елден көмек сұрады

16:41, 20 тамыз 2019

Ақтөбелік келіншек оқыстан қаза тапқан баласын жерлеуге ақша таппай, көптен көмек сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz Tengrinews.kz-ге сілтеме жасап.

Баласынан қапыда айырылған Надежда жетімдер үйінен шыққан. Оны бір жыл бұрын күйеуі екі баласымен тастап кеткен. Бес жасар және алты айлық баласымен ол Ақтөбеде пәтер жалдап тұрып жатқан. 19 тамызда кешкісін бес жасар Майяның басына теледидар құлап кеткен.

"Олар пәтер жалдап тұрады, едені сықырлаған ескі. Теледидар дөңгелегі бар үстел үстінде тұрған. Сірә, қыздың көйлегі сол үстелдің бір жеріне ілініп қалған секілді, содан теледидар үстіне құлаған. Үлкен ескі теледидар болатын. Біз жедел жәрдемге қоңырау шалып, ала алмадық, Майяны өзіміз ауруханаға апардық. Жолда такси ішінде ақырында жедел жәрдем қызметіне шыға алдық, ал олар баланы жақын маңдағы ауруханаға емес, облыстық балалар ауруханасына апару керектігімізді айтты. Ол өзі өте алыс жер, кез келген такси бара бермейді. Біз текке көп уақыт жоғалтып алдық. Қан өкпеге кетіп қалған, қыз көлік ішінде ауруханаға жетпей жан тапсырды", - дейді қайтыс болған сәбидің тәтесі Татьяна Петрова.

Майяның анасы Надежда балалар үйінде тәрбиеленген. Оның тек бір әпкесі ғана бар. Онда да ол өзі көпбала тәрбиелеп отырған ана.

"Күйеуі оны екі баласымен тастап кеткен, кенжесі небәрі алты айлық. Сіңлім бір жәрдемақымен ғана күнелтіп келеді. Соған қарамастан ол ел қатарлы өмір сүруге тырысатын. Пәтер жалдады, балаларының тамағы тоқ, киімі бүтін. Майя жылдам, өжет, шекірткі секілді секіріп жүретін белсенді бала еді. Ол сурет салғанды ​​жақсы көретін. Қуыршақтарын күтіп, баптайтын. Енді сіңлімнің етегі жасқа толып, көз жасы көл болып отыр. Оған қалай көмектесетінімді білмеймін", - дейді Татьяна.

Кішкентай Майяны 22 тамызда жер қойнына тапсырады. Қамқор жандар баланың табыты мен киімін сатып алуға көмектесіпті. Алайда әлі алда жерлеу рәсімін, тоғызын және қырқын өткізу керек. Оған ақша жоқ. Сол себепті қыздың анасы Instagram арқылы қазақстандықтардан көмек сұрады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Друзья здравствуйте. К сожалению случилось страшное. Умерла трёхлетняя крошечка Майя, на нее упал телевизор. После случившегося пока они самостоятельно добрались до больницы, только констатировали смерть. Мама сирота, средств на похороны малышки к сожалению нет. Обращаемся за помощью к неравнодушным гражданам. Номер карты Каспий голд 5169497102371725 ИИН 970305450130. Телефон мамы 87058177856 Прошу без негатива. Мама плачет не переставая. Случилось горе, кто желает помочь мы будем благодарны

Публикация от ???? Kazakhstan ???? Aktobe (@zello_help) 19 Авг 2019 в 11:24 PDT


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!