Ақтөбелік әйел бөтелкелесінің қолынан мерт болды

10:58, 19 шілде 2018

Үйге келген қонағын өлгенше сабаған ер адам 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Baq.kz.

Сәтбаев көшесіндегі пәтерінде 35 жастағы ер адам таныс әйелмен бірге ішімдік ішіп, біраз уақыт өткеннен кейін төсектес болуға ұсыныс жасаған. Ұсынысынан бас тартқан әйелді ол ұра бастаған. Әйел жерге құлап қалған кезде де ол өзін тоқтатпай, әйелді қолымен де ұрған, аяғымен де тепкілеген. Алған жарақаты салдарынан әйел ауруханада көз жұмды.

Сот отырысында ер адам әйелді ұрғаннан кейін оны көтеріп, подъезге шығарып тастағанын, одан кейін пәтеріне келіп, ұйықтағанын айтты.

Сот үкімі бойынша ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды және қайтыс болған әйелдің туыстарына 5 миллион теңге моральдық шығынды өтеуге міндеттелді. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Қайтыс болған әйелдің 13 жастағы ұлы болған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!