Ақтөбедегі журналист өлімі: Лифт жөндеген механик 4 жылға сотталды
Ақтөбе қалалық сотында лифтідегі қайғылы оқиғаға байланысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Журналист Айзат Әбдісаматтың қазасына байланысты лифтіні жөндеп, іске қосуды өз міндетіне алған «Жанабек Сервис»ЖШС директоры Кенен Жанабеков пен бір реттік жөндеу жұмысын жүргізген механик Жарылқасын Ақжанов айыпты деп танылды.
«Кенен Жанабеков Қылмыстық кодекстің 306-бабы 3-тармағы бойынша айыпты деп танып, 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жарылқасын Ақжанов айыпты деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол сот залынан қамауға алынды», - деді судья Ербол Әбдіхалықов. Жарылқасын Ақжанов 2 миллион теңге моральдық шығын өтеуі тиіс.
Еске салсақ, осы жылдың сәуір айында журналист Айзат Әбдісамат лифт есігіне қысылып, қайтыс болған еді. Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің «Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сот басталмас бұрын Айзат Әбдісаматтың анасы кінәлі адамдардың жазалануын сұрады. Ал прокурорлар сотталушыларды айыпты деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды өтінді.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:58, 20 сәуір 2024
Су тасқынынан зардап шеккен 21 мыңға жуық адам өз үйлеріне оралды
-
10:35, 20 сәуір 2024
Су тасқынынан зардап шеккен фермерлер шығынын өтеу тәртібі әзірленді
-
10:20, 20 сәуір 2024
Су тасқыны кезіндегі шығынын өтеуді сұрап, 17 мыңға жуық азамат өтініш тапсырды
-
09:49, 20 сәуір 2024
Бүгін еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді
-
09:39, 20 сәуір 2024
Төтенше жағдайлар жөніндегі министр түнде БҚО-ға қайта оралды