Ақтөбеде жол бойында егізін босанып қалған әйелдің 1 сәбиі шетінеп кетті

17:29, 25 маусым 2018
347

21 мамыр күні жол бойында дүниеге келген егіздің сыңары шетінеп кетті деп жазады Sn.kz.

Егіз қыздарды ерте дүниеге әкелген 21 жастағы келіншек Ақтөбедегі перинаталды орталықта жатыр. Бүгін, яғни 25 маусым күні ол қос сәбиінің бірінен айрылып қалды.

"Бұл әйелдің бірінші толғағы. Жолдың бойында екі бірдей сәбиін дүниеге әкелді. Қайтыс болған қызының салмағы - 1242, екіншісі - 1256 грамм боп туған. Аналары қазір күйзелісте", - деп хабарлайды қалалық балаларға арналған периналды орталығы.

Дәрігерлер екінші сәбиді аман алып қалу үшін қолдарынан келгенін жасап жатыр. Ал әйелдің денсаулығы орташа.

Айта кетейік, 21 маусым күні Ырғыз ауданында жедел жәрдеммен ауруханаға бара жатқан жүкті әйел жолда толғағы қысып, босанып алған болатын.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!