Ақтөбеде жасөспірімге жай түсіп, мерт қылды

11:31, 21 мамыр 2022
305

© Сурет: unsplash

Қайғылы оқиға 20 мамырда кешке Белогорка ауылында орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, найзағайдан үлкен ер адам да зардап шеккен. Қазір ол ауруханада жатыр.

Оқиға орнына келген бойда 2007 жылғы баланың жай түсу салдарынан оқиға орнында көз жұмғаны анықталды, ал 27 жастағы ер адам Ақтөбе қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді. Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!