Ақтөбеде 13 жасар баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды

22:51, 9 желтоқсан 2022
185

© Сурет: Zakon.kz

Ақтөбеде тәртіп сақшылары 13 жасар баланы қағып, оған көмектескеннің орнына оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні тауып, ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға 25 қарашада Бейбітшілік даңғылы бойында орын алған.

Автокөліктің сырты лас болуына байланысты көлік нөмірін анықтау жұмыстары қиынға соқты.

Жүргізілген жұмыс нәтижесінде 9 желтоқсан күні 31 жастағы автокөлік жүргізушісі анықталды. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610 және 611-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды. Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!