Ақтөбеде төтенше жағдайлар қызметі жолда қалған Өзбекстан азаматтарын құтқарды

15:06, 11 ақпан 2019

Ақтөбе төтенше жағдайлар қызметі 51 Өзбекстан азаматын құтқарды. Жолаушылар автобусы бұзылып, көмек сұраған, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

10 ақпан күні сағат 03:00-де төтенше жағдайлар қызметіне қоңарау түсті. "Самара-Шымкент" тас жолының 668 шақырымында, Сарытоғай ауылы маңында "Setra" маркілі автобусы тоқтап қалған. Автобустың компрессоры істен шыққан.

"Құтқару жұмыстарына ТЖД «Жедел құтқару жасағы» ММ-нің жеке құрамынан 3 адам, 1 автокөлік және жол патрульдік полициясынан 2 адам, 1 автокөлік жұмылдырылды. Құтқарушылардың күшімен 52 адам Сарытоғай ауылында орналасқан «Жолсерік» кемпингіне орналастырылды, 2 жүргізуші автокөлікті жөндеу мақсатында автобус ішінде қалды", — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!