Ақтөбеде тәтті жегісі келіп, торт ұрлаған жігіт бейнебақылауға түсіп қалды

14:37, 3 ақпан 2023

© Сурет: pixabay

1 ақпан түнгі уақытта кондитерлік дүкенге белгісіз адам жасырын кіріп, жалпы құны 40 мың теңге болатын торт ұрлаған, Zakon.kz.

Бұған қоса ол дүкеннен 15 мың теңге ақша ұрлап кеткен. Полиция қызметкерлері 33 жастағы күдіктіні ұстады, деп жазды ҚР ІІМ-нің  Telegram арнасы

 Ол тәтті жегісі келіп, ұрлық жасағанын айтқан.

“Ұрлық” фактісіне қатысты ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!