Ақтөбеде студенттердің телефонын ұрлап келген жігіт жазадан құтылып кетті

14:14, 23 сәуір 2018

Ақтөбе қалалық сотында медициналық университетке еркін кіріп, сырт киімін алуға кезекте тұрған студенттердің қалтасынан телефон ұрлаған Р.Жалымбетов көп ұзамай ұсталды. Бірақ іс медиациялық келісіммен аяқталды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе қалалық сотында 33 жастағы сотталушыға қатысты Қылмыстық кодекстің «Ұрлық» бабы бойынша іс қаралды.

Іс материалына сүйенсек, бұрын бірнеше рет істі болған сотталушы кешкілік Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медциналық университетіне кіреді. Ол еркін жүріп, жан-жағын бақылайды. Киім ілетін орында топ болып тұрған студенттерге жақындап, ұтымды сәтте алдымен бірінің ақ халатының қалтасынан құны 69 мың теңгенің телефонын алады. Кейін өзге студенттің қалтасындағы 299 мың теңге тұратын телефонды ұрлап, білім ордасының ғимаратынан кетіп қалған.

Басты сот талқылауы кезінде екі жәбірленуші де материалдық шығын толық өтелгенін, медиациялық тәртіппен татуласқанын жеткізді.

Судья Е.Әбдіхалықов сотталушы Р.Жалымбетовты қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы қаулы шығарды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!