Ақтөбеде стробоскоп шамдарын орнатқан жүргізушіге айыппұл салынды
© Фото: polisia.kz
Әлеуметтік желілердің мониторингі барысында өз көлігіне стробоскоп шамын орнатқан жүргізуші анықталды.
Стробоскоп шамдарын өздігінен орнату жол қозғалысы ережелерін бұзу болып табылады. Патрульдік полиция қызметкерлері аталған жүргізушіні анықтап, оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, көлік құралы арнайы тұраққа қойылды.
"Стробоскоп шамдары бар көлік құралдарын басқару Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 603-бабында көзделгендей әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады.Тыйым салатын сигналдық және дыбыстық құрылғысы заңды тәркіленіп, жеке тұлғалар үшін 15 АЕК және одан жоғары және ірі кәсіпорындар үшін 2000 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады", – деп атап өтті патрульдік полиция батальонының командирі Аслан Есентаев.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:56, 27 қыркүйек 2024
Теміртауда алиментті қасақана төлемей жүрген екі азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды
-
15:38, 27 қыркүйек 2024
«Бурабай» ұлттық паркінде аң-құстарға қысқы азық дайындалып жатыр
-
15:20, 27 қыркүйек 2024
2 градус аяз: синоптиктер алматылықтарға ескерту жасады
-
15:09, 27 қыркүйек 2024
Президент Түркістан облысының жұртшылығымен кездесті
-
14:57, 27 қыркүйек 2024
15 жасар қазақстандық зорланғанын және сол қаскөйге тұрмысқа шыққанын жазып, көмек сұрады