Ақтөбеде сотталғандармен теологиялық жұмыс бойынша семинар өтуде

15:36, 18 маусым 2018
319

Ақтөбеде сотталғандармен теологиялық жұмыс бойынша семинар өтуде, деп хабарлайды BNews.kz ҚР ІІМ Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес аясында Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы "Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" Жолдауына сәйкес, діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрестің өзектілігіне байланысты 2017 жылы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде теологиялық сауаттандыру жұмысын ұйымдастыру бойынша штаттық бірліктер енгізілген болатын.

Батыс өңірінің, яғни Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының Теологиялық сауаттандыру жұмысын ұйымдастыру бөлімдерінің қызметкерлері мен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің психологтарын оқыту мақсатында ІІМ Ақтөбе заң институтында сотталғандар арасында теологиялық сауаттандыру жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша өңірлік оқыту семинар-тренингі өтіп жатыр.

Екі күн бойы ҚАЖ қызметкерлеріне Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен ресми дін өкілдері баяндамаларын оқиды.

Пенитенциарлық жүйенің қызметкерлері аталған саладағы өзекті мәселелерді талқылап, сотталғандармен теологиялық сауаттандыру жұмыстары жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды зерделейді, сондай-ақ практикалық сабақтарда алған тәжірибелерін қолданады.

Алдағы уақытта ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мұндай тренингтерді Қостанай, Алматы академиялрында және ҚР ІІМ-нің Павлодар оқу орталығында өткізуді жоспарлап отыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!