Ақтөбеде полиция қызметкері пара орнына темекі алған

12:59, 4 маусым 2020

"Ақтөбедегі полиция қызметкерлері блок-бекеттен заңсыз өткізу үшін 2 блок темекі алған" деп күдікке ілінді, деп хабарлайды zakon.kz.

30 мамырда полиция қызметкері көлік жүргізушісінен 10,8 мың теңге тұратын 2 қорап Parliament темекіні пара түрінде алды. Ер адам "№4 магистраль" блок-бекетінен арнайы рұқсатсыз өтпек болған, деп атап өтті облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі.

Ол кінәсін толық мойындауына байланысты қамауға алынған жоқ.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жария етілмейді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!