Ақтөбеде полицейлер қыз зорлап жатқандардың үстінен түсті

12:47, 13 қыркүйек 2019
436

Ақтөбе облысында полиция зорлық жасады деген күдікпен екі жігітті ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 2019 жылдың 8 шілдесінде патрульдік полиция қызметкерлері "Елек" өзенінің жағасында тұрған көлікке назар аударады. Оған жақындағанда бір қыз көліктен атып шығып, өзінің зорланғанын айтты.

Оқиға орнында күдікті ретінде көлік жүргізушісі мен жанындағы жігіт ұсталды. Олар Алматы ауданының №3 полиция бөліміне жеткізілді.

- Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 120-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Соттың келісімімен күдікті үй қамауына алынды. Тергеу барысында қылмыстық іс ҚР ҚК 120-бабының 2-бөлігіне ауыстырылды, деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Департамент бұл қылмыстық істің Ақтөбе облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында екенін айтты.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!