Ақтөбеде пойыз өтіп бара жатқанда селфиге түспек болған қыз көз жұмды

17:47, 5 желтоқсан 2019

Ақтөбеде екі қыз жүйткіп келе жатқан пойыздың алдында селфиге түспек болған, салдарынан қатты жылдамдықпен келе жатқан пойыз қыздардың бірін іліп әкеткен, деп хабарлайды zakon.kz аймақтық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зардап шегуші қаладағы Жедел жәрдем медициналық алғашқы көмек ауруханасына жеткізілді, алайда ол таңертең қайтыс болды.

Осыған байланысты полиция департаменті жаяу жүргіншілерге теміржолдың жанында да, жолдарда да ұқыпты болуға шақырады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!