Ақтөбеде «Өрт сөндіруші» АҚ-ның экс-директоры сотталды

16:55, 20 ақпан 2020

Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бұрын "Өрт сөндіруші" АҚ-ның Ақтөбе филиалының директоры Б.А.Байтілеуовке қатысты тергеу жүргізілген, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол филиалдың өрт сигнализациясына техникалық және жөндеу бойынша қызмет көрсету кезінде өзіне үлестес ұйыммен шарт жасасу арқылы қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деп күдіктелген.

Ақтөбе қаласының № 2 сотының үкімімен Б.А.Байтілеуов ҚР ҚК-нің 361-бабының 4-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды, сондай-ақ жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын жүз сағаттан мәжбүрлі еңбекке тартылады.

Сонымен қатар, Байтілеуовке қатысты тағайындалған жазаның барлық мерзіміне пробациялық бақылау жүргізіліп, пробация қызметіне хабарламай, тұрақты тұратын жерін, жұмысын өзгертпеу, сондай-ақ көңіл көтеру орындарына (кафелер, барлар, мейрамханалар, түнгі және букмекерлік клубтар, казино) бармау міндеттері сотпен орнатылған.

Байтлеуовке бас бостандығын шектеуді өтеуден қасақана жалтарған жағдайда өтелмеген мерзім бас бостандығынан айырумен ауыстырылатыны түсіндірілді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!