Ақтөбеде мешіттен зат ұрлаған екі адам ұсталды

17:16, 11 қыркүйек 2018

23 тамыз күні ұрлықшылар «Нұр ғасыр» мешітін басқарушының кабинетінен Canon фотоаппаратын ұрлап кеткен, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ақтөбе облыстық ІІД-ге сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері жедел шаралар қолдануы нәтижесінде мешітке орнатылған видеокамералар арқылы бұрын сотты болған екі ақтөбелік адам ұсталды. Олардың бірі 45, екіншісі 33 жаста. Олар ұрлап алған фотоаппаратты қайтарып берді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-ның «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Ол ұрлықшылардың соған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқ екендігі анықталуда.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!