Ақтөбеде мас адам жасөспірімге пышақ жұмсады

16:41, 9 тамыз 2018

Қолында кеңсе пышағы бар ер адам қалада серуендеп жүрген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі diapazon.kz сайтына сілтеме жасап.

Ноутбугі бар 15 жастағы жасөспірім ұялы телефонмен сөйлесіп бара жатқан. Оған жақындап келген ер адам оның қолынан ұстап алып, подъездің жанындағы орындыққа мәжбүрлеп отырғызады. Бейтаныс ер адам жасөспірімнің аяғына кеңсе пышағын сұғып алып, телефоны мен ноутбугін беруді талап еткен.

Бала оағн ештеңе бермейтінін айтып, кетіп қалмақ болған. Ер адам пышағын тағы да сілтеп қалғанда жасөспірімнің алақанын кесіп кеткен.

Оны итеріп жіберген бала ноутбугі бар пакетін тастап, адамдар жүретін жолға қарай қаша жөнелген. Полиция қызметкерлері күдіктіні көріп, ұстап алған.

Ол Қаракөл ауылының 25 жастағы тұрғыны болып шықты.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!