Ақтөбеде көпқабатты тұрғын үй өртеніп, төрт отбасы далада қалды

10:24, 15 маусым 2021
258

© Сурет: sputnik.kz

Ақтөбеде көпқабатты үйден өрт шығып, төрт отбасы пәтерсіз қалды. Түн ортасында кенеттен шыққан оттан екі қабатты үйдің подьезі, шатыры мен пәтерлердегі дүние- мүлік түгелдей жанып кеткен, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Тұрғындар үйлерінен қашып шыққан. Өрттің салдарынан жалпы аумағы 200 шаршы метр аумақ күлге айналған. Қазір үйдегі 12 пәтердің төртеуі жарамсыз болып қалды. Нақты шығын көлемі әлі есептелеген жоқ. Жергілікті әкімдік үйдің шатыры мен подьезді қалпына келтіру жұмыстарын өз мойнына алды. Апта соңына дейін шығын көлемін есептеп, өрттің себебі анықталады,- дейді.

Алдын ала болжам бойынша, оқыс оқиға электр сымындағы ақаудан болуы мүмкін.

Серік ДӘУЛЕТОВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМДІГІНІҢ ТЖ БОЙЫНША БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ:

Қазіргі уақытта біздің тараптан үйдің проектісі сметный расчет дайындалуда, ремонтка қажетті сумма белгіленген, қосымша хабарланатын болады. Негізі бұл жұмыстарға қаржы қарастырылмаған. Дегенмен де қазіргі уақытта смета жасаймыз сонымен қоса резервтен алуға тырысамыз.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!