Ақтөбеде кәмелетке толмаған қызға ВИЧ жұқтырған еркек 14 жылға сотталды

© Сурет: Pixabay
Ақтөбеде 15 жасар қызбен жыныстық қатынасқа түсіп, ВИЧ жұқтырған азамат сотталды, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Кәмелетке толмаған адаммен байланысы үшін 41 жастағы азамат 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның үстіне, ер адам он бес жастағы қызға АИТВ (ВИЧ- ред.) жұқтырды. Тергеу барысында қылмыскер өз ауруы туралы білсе де, екі жыл қатарынан жас жәбірленушімен жақын қарым-қатынаста болғанын анықтады. Қылмыстық іс бірден екі бап бойынша қозғалды. Жабық процесс барысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындады.
"Сот үкімімен ол ҚР ҚК-нің 118-бабының үшінші бөлігінде, 122-бабының төртінші бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған төтенше қауіпсіз қылмыстық-түзету жүйесі мекемелерінде 14 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - дейді Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы Жұлдыз Сайманова.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:28, 20 сәуір 2021
Ақылды айтса құлақ аспай, ақымақтың сандырағына сенетін заман келді
-
17:04, 20 сәуір 2021
Тоқаевқа еліміздегі криминогендік жағдай баяндалды
-
17:03, 20 сәуір 2021
Байқаңыз! Алматыда Gelandewagen мінген 01-ші бай жүр
-
17:00, 20 сәуір 2021
Шыңғыс Айтматовтың жұбайы дүниеден озды
-
16:48, 20 сәуір 2021
ШҚО-да өзен жекенің қолына өтіп, балық қырылып қалды
Пікір