Ақтөбеде қаржы пирамидасына адам тартқан алты әйел сотталды

09:54, 9 сәуір 2021
443

© Сурет: видеодан алынды

Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрған топқа қатысты сот үкімі шықты. Unnity corporation ұйымын басқарған Қуаныш Жақсыбаев алты жарым жылға, ал оның тоғыз сыбайласы бес жылдан жаза арқалады, деп хабарлайды zakon.kz КТК-ға сілтеме жасап.

Бұл пирамиданың ісі осыдан төрт жыл бұрын әшкере болған еді. Басшысы Қуаныш Жақсыбев елде жоқ мобильді қосымша ойлап тапқанын айтып 40 мыңға жуық адамнан ақша жинаған. Жұртқа түскен табыстан дивиденд алып тұрасыңдар деп сендіреді. Оның алаяқтығы белгілі болған бойда қамауға алынып, екі жыл бұрын сотталған еді.

Кейін қаржылық пирамиданы жалғыз өзі емес, сыбайластарымен бірге құрғаны анықталып, тергеу қайта басталған. Енді Unnity corporation ұйымын ел бойынша насихаттап, аймақтардан адам тартқандар да жазасыз қалмады. Олардың алтауы – әйел. Сыбайластары Ақтөбеден бөлек, Павлодар, Алматы, Семей, мен Талғар қалаларының тұрғындары екен. Олар 3 мыңнан астам салымшыны алдап тақырға отырғызып кеткен.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!