Ақтөбеде гараж бен оның ішінде тұрған көлік жанып кетті

13:23, 16 қаңтар 2019

Ақтөбеде жеке үйдің гаражынан өрт шығып, көлік қоса жанып кетті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбеде 14-нен 15 қаңтарға қараған түні гараждан өрт шықты. Гараж ішіндегі көлік те қоса жанып кетті. Сонымен қатар, үйдің шатыры өртенді.

"Өрт туралы ақпарат 22:17-де түсті. Барлығы 21 адам мен 6 көлік барды. Жану 23:10-да тоқтатылып, 23:50-де толық сөндірілді. Апаттар медицинасынан 3 адам және 1 техника барды. Зардап шеккен адам жоқ", — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!