Ақтөбеде әскери қызметкер өрт шыққан үйден мүгедек қария мен екі бүлдіршінді алып шықты

10:26, 18 сәуір 2018

Ақтөбеде ұлттық ұлан қызметкерлері өртке оранған үйден екі бала мен қарияны аман алып шықты. Оқиға 16 сәуір күні Махамбетов көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«№6655 әскери бөлім қызметкері Рысқали Есбаев жұмыстан үйіне қайтып бара жатқан. Ол жанып жатқан үйден шыққан дыбысты естігенде ойланбастан көмекке барады. Өртке орынған үйдің ішінде 74 жастағы науқас қария мен екі баланы алып шықты», — деп хабарлайды №6655 әскери бөлімінің баспасөз қызметі.

Әскери қызметкер науқас қартты өрт ішінен алып шыққан. Екінші қабаттағы үйде қалған кішкентай балалар да әскери қызметкердің көмегімен сыртқа шығарылған.

Куәгерлер өрт сөндірушілердің оқиға орнына 20 минуттан кейін ғана жеткенін айтады. Өрт кезінде пәтер иесінің аяғын күйік шалған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!