Ақтөбеде Елек өзеніне шабақ жіберілді

10:51, 21 қыркүйек 2017

Осындағы балық қорын сақтап, оны әрі қарай көбейту үшін 300 мың тұқым шабақ жеткізілген.

Олар жергілікті шаруашылықта өсірілген. Өткен жылдан бері өңір өзендерінде балық қорын көбейтуге бағытталған арнайы бағдарлама қолға алынып, бюджеттен қаражат бөлініп келеді. Биыл Елек өзенін балықтандыруға 6 миллион теңге бөлінді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Жыл соңына дейін облыстағы бірнеше өзен мен көлдерге шабақ жіберіледі.  

Болат Тасболатов, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы: 

-Балық шаруашылығын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы жасалды. Су қоймаларын балықтандыру  сол бағдарламаның бір бағыты бойынша іске асып жатыр. Балықшылардың айтуынша, балықтандыру шаралары нәтижесінде қармақпен 2 келі тартатын балық ұстауға болады.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!