Ақтөбеде екі бала суға батып кетті

10:34, 13 мамыр 2021

© Сурет: cdnuploads.aa.com.tr

Ақтөбе маңындағы Бекқұл баба ауылында Жаман Қарғалы өзеніне 5 және 6 жасар бала батып кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Қайғылы оқиға 12 мамырда кешке орын алды.

"Мой город" басылымы атап өткендей, төтеншеліктер келгенге дейін де ауыл тұрғындары 5 жасар баланың денесін судан алып шыққан. Екінші бала іздестіріліп жатыр.

Белгілі болғандай, балалар ересектердің қарауынсыз болған, суға жалаңаш түскен. 00.09-де құтқарушылар 6 жасар екінші баланың денесін су жағасынан 3 метр қашықтықта, 7 метр тереңдіктен тапты, - делінген хабарламада.

Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарға судағы қауіп туралы балаларына ұдайы ескертіп отыруды және оларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!