Ақтөбеде бір адам несие тіркету кезінде банкте көз жұмды

11:29, 13 қыркүйек 2019
461

Банкке ер адам несие тіркету үшін 72 жастағы ағасын ертіп барған. Банк қызметкерімен сөйлесіп отырған ол кенеттен үстелге басын сүйей құлады, деп хабарлайды Zakon.kz diapazon.kz-ге сілтеме жасап.

Ағасына көмекке ұмтылған ер адам оны жұлмалап, орнынан тұрғыза алмады. Оқиға орнына шұғыл жеткен жедел жәрдем қызметкерлері ол адамның көз жұмғанын айтты. 6 қыркүйекте түскі уақытта Ақтөбедегі банктердің бірінде 72 жастағы ер адам қайтыс болғанын жедел жәрдемдегілер растады.

"Біздің Владимир әрқашан адал, ақкөңіл және көңілді адам болатын", - дейді марқұмның туыстары.

- Егде жасына қарамастан, ол ешқашан денсаулығына шағымданған емес, әрдайым әрнәрсенің жақсы жағын ғана көре білетін, үнемі қалжыңдап жүретін. Шахмат ойнағанды ​​ұнататын, үнемі жаяу жүретін, машинасы болса да. Оның бау-бақшасы бар, бәрін 40 жылдан астам бірге тату-тәтті тұрған әйелімен бірге жасайтын, - дейді олар.

Ол кісі ұзақ жылдар бойы экология департаментінде басшылық қызметтер атқарған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!