Ақтөбеде белсенді Аманбике Хайрулланың мәйіті табылды

20:00, 28 наурыз 2020
918

28 наурыз күні таңғы сағат сегіз шамасында Ақтөбеде жергілікті белсенді Аманбике Хайрулланың мәйіті табылды, деп хабарлайды azattyq.org.

Таныстарының Азаттыққа айтуынша, Аманбике Хайрулланың асылып тұрған денесі қаланың шеткері ауданындағы қалың ағаш арасынан табылған. Бұл деректі Ақтөбе облысы ішкі саясат басқармасы да растады.

Белсенді Хайрулланың өліміне байланысты Азаттық тілшісі полиция мен прокуратурадан ақпарат ала алмады. Полицияның баспасөз қызметі белсендінің өліміне қатысты ақпарат дүйсенбі, 30 наурызда дайын болатынын айтты.

Оқиғадан бір күн бұрын Аманбике Хайрулла Facebook парақшасына жазба жариялап, ата-анасы мен балаларынан кешірім сұраған. Бірнеше адамның есімін атап, "оларды өзінің өліміне кінәлаған".

Азаттық Хайрулланың жазбасында аты аталған кейбір белсендімен сөйлесті. Олар қазір полиция жауап алып жатқанын айтты. Белсендінің өз-өзіне қол салуына не түрткі болғаны белгісіз.

Марқұм Аманбике Хайрулла 32 жаста болған. Үш баласы бар жесір әйел. Ол Ақтөбеде өткен Қытай зауыттарына қарсы наразылыққа, саяси тұтқындарды босату талабы айтылған наразылық акцияларына, билікке қарсы бейбіт митингілерге қатысқан. Оның күйеуі осыдан үш жыл бұрын жол апатынан көз жұмған еді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!